| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Ардақ Игенова | |||
| 2. | Берік Аққалиев | |||
Алыстады албырт шақ, жастық жалын,
Ойладық па, алдыда күздің барын.
Еске түссе құрдастар, сағынамыз,
Аралаған жастықтың жасыл бағын.
Қайырмасы:
Сағыныштың саламыз сазды әнін,
Тоқтамайды-ау, аялдап уақыт ағын.
Жастығымның куәсі – өздеріңсің,
Достар менен кіреді менің сәнім.
Қайран ғана дәурен-ай сол бір шағым,
Мәңгі бақи тұрардай баста бағым.
Жастық шағым, сен маған сағым болып,
Кетеріңді сезбепті-ау, менің жаным.
Қайырмасы