№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Жолдығали Әйіпов | |||
2. | Марат Жолдыбаев |
Топан су шәйіт ел өрісін жайқалған,
Су мәкүру, көз көргенді айтпаған.
Қайта сынақ бермегейсің тәңірім,
Мал садақа жан үшін деп жай табам.
Иманды елім ар ұжданды текті еді,
Мұқалмасын, ел бірлігі өркенді.
Мал, дүнием садақасы жанымның,
Десекте ол ерен еңбек өтеуі.
Қайырмасы:
Тасқын алды, құтын барша ғаламның,
Қабағында қарт бұлт тұр ма бабамның.
Жамалымда зілі жүрек жарамның,
Алла өзің бер, ем-дәруін наламның.
Ойыл, Сағыз тасыды Жем, Жайық та,
Біздің қырда жоқ еді сал мен қайық та.
Өркенді елдер қатарына қосылған,
Жалғыз сұрақ елге бұл жай лайық па.
Сыналармыз тайғақ кешу жолменен,
Ата-бабам қоғап қалған жерменен.
Тек тыныштық болса екен ылайым,
Енді сынақ бермеші Алла көлденең.
Қайырмасы