№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Жамбыл Жұманбаев | |||
2. | Мұсылманбек Ысқақов |
Ауылым алтын бесігім,
Сары бел, дала төсімін.
Жусанның исі аңқыған,
Жүректе тұрар есімің.
Қабанбай батыр - дарабоз,
Қақпасы болған Жәнтікей.
Боғастай ерке өзені,
Ас, суы болған Жәнтікей.
Ырғызбай әулие аймағы,
Тарбағатайдың қайнары.
Ауылым менің Жәнтікей,
Жайқалып жасыл тұр бағы.
Ырғызбай әулие атаға,
Тәу еткен жұртым Жәнтікей.
Бөрітастаған төбесін,
Тау еткен жұртым Жәнтікей.
Аймағым асыл берекем,
Ағайынға пейілі кең екен.
Ұлменен қызың тең өсіп,
Таусылмасын мерекең.