№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Жамбыл Жұманбаев |
Сағынып кетем, сағынбай және тынбаспын,
Сан түрлі белес асулардан бірге астық.
Балдырған шақта талшыбық атқа бір мініп,
Балауса шақта, қыздарға бірге сыр аштық.
Сағынып кетем, сағынбай және тұрмаспын,
Бөлек ғой жөні өзіңдей құрбы-құрдастың.
Жан досым елу жасы ғой ердің десекте,
Татарсың дәмін бұйырса әлі жүз жастың.
Бақ пенен дәулет бір тұрсын сенің басыңда,
Армандай болған жан-жарың жүрсін қасыңда.
Сағыныш екен алыста қалса туған жер,
Сағыныш екен алыста жүрсе досың да.