MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу










Әннің атауы
Әннің атауы:
Жетіарал жыры
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№79, 26 қараша 2025 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
№ Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Болат Нұралин
2.Әли Ермекұлы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Жетіарал – ақ боз үйлі басты ордам,

Үзе алмас тамырыңды тасқын алуан.

Жәннаты жұмыр жердің – өзің ғана,

Ел-жұртың қанатының астына алған!

 

Күн атса, күрең түске боялатын,

О, неткен атамекен – аялы атың!

Аққудың әніменен тербетіліп,

Жусанның жұпарымен оянатын…

 

Жанарын буаз бұлтқа бұлап алып,

Арқырап ауыл маңы тұрады анық.

Қанипа қасқалдағын жоқтауменен –

Қандысу, жатырмысың жылап ағып?

 

Балалық шағым қалған – сақи мекен,

Қырында қозы бағып, ат үйретем.

Жетіарал, сенде өткен сұлу күндер –

Жұмақта өткен сәтке татиды екен!

 

Ән нотасы
Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!










©2021 - 2026 MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика