| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Зікіра Қожаев | |||
| 2. | Роза Есенгелдиева | |||
Мен сені аңсап келдім, аңсап келдім,
Ғажап бір ән сап келдім.
Сен мені қызғалдақ боп қарсы алғайсың,
Арасынан жазира кәмшат белдің..
Қайырмасы:
Арналады өзіңе ән-өлеңім,
Қуанышты сезімге бөленемін.
Жырым – жолдас, сағыныш – ақбоз атым,
Сен – қыз Жібек, мен – сенің Төлегенің.
Көзімен көңілімнің сені көріп,
Толқимын тебіреніп.
Алдымнан шықшы жаным құшақ жайып,
Сезіміне жүректің беріп ерік.
Қайырмасы
Сен мені сағындың ба, аңсадың ба?
Асығып қарсы алуға.
Көз ашып күннен ерте күткен бе едің,
Тамшы қонған гүлдерге таң шағында.
Қайырмасы