| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Жібек Искакова | |||
| 2. | Жұпаркүл Бекшораева | |||
Ғажап еді-ау күндеріміз,
Қол ұстасып жүргеніміз.
Қуанамын, жетістікке,
Қадам бассаң ілгері сіз.
Қайырмасы:
А-а-ай,
Алыстасыз, сезінемін,
Жабырқаулы, көзімде мұң.
Ойлап жүрем сіз жайында,
Алғыс айтып көңілден сыр!
Жанымның сіз бөлшегісіз,
Пәк сезімнің өлшемісіз.
Құрметім көп өзіңізге,
Жан дүниемді көрсеңіз сіз.
Қайырмасы
Өтсін көктем, күзім тағы,
Мұңайса да жүзім тағы.
Сізді ойлайтын деп білерсіз,
Бір жан барын сіздің тағы...
Қайырмасы