| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Алтыншаш Жақиянова | |||
| 2. | Амангелді Нұрқасымов | |||
Қайран анам бөленген жаны нұрға,
Сені ойласам жалғасар әнім жырға.
Көз алдыма келеді асыл бейнең,
Күле қарап тұрған бір қалыбыңда.
Күрсінгенде қабырғам сөгіледі,
Сағынышым жыр болып төгіледі.
Түн ішінде сәбиім оянса да,
Өзіңді ойлап жүрегім егіледі.
Ана ғана ұғады бала сырын,
Түсіме еніп жүресің, жанашырым.
Көз алдымда жаулығың көлеңдейді,
Сағындым ғой жан сырым, жан асылым.