| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Марат Жолдыбаев | |||
Жаныңнан жылылық сезіне,
Сүйеніп ержеткен кезімде.
Тағдырай тағатсыз есімде,
Қалған сәт қимастық сезімде.
Қайырмасы:
Не десем жан апа не десем,
Балалық шағыма куә ең сен.
Жылап та, күліп те өзіңмен,
Жасырмай сырымды кеңесем.
Дарытқан жаныңның дәруін,
Жан апа жүректен жалын үн.
Туыстық сезімдер суымай,
Қалаймын ұрпақта қалуын.
Қайырмасы
Нұр тұнып мерейің шаттанған,
Жан апа өзіңмен мақтанам.
Тозбасын шаңырақ берекең,
Қонақем ауылға аттанам.
Қайырмасы
Үзілмеи серіктік қанатым,
Аталдым жиенге нағашым.
Әзілдің гүл шоғын құшақта,
Сыйларым оларға жан отым.
Қайырмасы