| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Алтыншаш Жақиянова | |||
| 2. | Қайрат Құматайұлы | |||
Бұл маңда өмір сүрмей ме,
Іздейтінімді білмей ме?
Жанары жарқын, жүзі нұр,
Жоғалтып алдым бір бейне.
Үміттің шоғын үрлей ме,
Тасиды толқып жыр кейде.
Тұрағы оның қайда екен,
Теріскей ме, әлде күнгей ме?
Өмірдің сезіп жалғанын,
Дәрменсіз бұта қармадым.
Таба алмасымды білсем де,
Үмітпен атты таңдарым.
Өзімдей ол да іздей ме,
Өтеді алдан жүз бейне.
Іздедім шарлап әлемді,
Кездеспей қойды бір бейне.