| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Айбол Қожахметов | |||
| 2. | Ермек Қожахметұлы | |||
Пендеміз, адамбыз біздер-ау жай ғана,
Уақытша бәрі де дүние айнала.
Асыр сап ойнап күл мұңайма ешқашан,
Бақытты емес ғой өмірде бай ғана.
Алдамай ешкімді адал бол өзіңе,
Қайғырма мұңайма өмір сүр жай ғана.
Сүретін өмірді сен емес қалаған,
Дүние, тіршілік бір бәйге аламан.
Өмірдің заңы ғой көресің көнесің,
Біреуін аялап біреуін талаған.
Өмір бұл қас-қағым сыйласып туыспен,
Әр нені ойламай өмір сүр жай ғана.
Тірлік деп жүрсеңде қалада, далада,
Туысты достарды шынайы бағала.
Арайлы шуақты күн ғұмыр өткенде,
Өмірлік силастық қалады арада.
Өмір бұл өткінші өтесің, кетесің,
Алыспай, жарыспай, өмір сүр жай ғана.
Үйретпе өзгені өзіңді алдауға,
Қалмайсың мәңгілік дүние жалғанда.
Жылы жүз дидарың ақ көңіл ниетің,
Қуаныш силасын мұңайған жандарға.
Өзгеге еліктеп қайтесің жарысып,
Өзіңмен өзің боп өмір сүр жай ғана.
Апарар айғада саналы ой ғана,
Өмірде ойлана өмір сүр жай ғана.
Өмір сүр жай ғана.