| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Бибігүл Сағат | |||
| 2. | Жібек Искакова | |||
Арайлы таңым,
Жайқалған бағым,
Өзіңсің өмір көктемім.
Қиналып жаным,
Сынғандай сағым,
Сеземін өмір өктемін...!
Қайырмасы:
Өмір-ай, өмір,
Қуанышты сәт берші.
Өмір-ай, өмір,
Бар жақсыны ап келші.
Өмірдің таңы,
Таңғажайып ат берші.
Өмірім тағы,
Таусылмайтын бақ берші.
Ән салған өмір,
Шаттанған көңіл,
Қуанған мәз боп балаша.
Ақталмай сенім,
Таба алмай теңін,
Мұңайған сәттер оңаша...!
Қайырмасы
Тамсанған уақыт,
Қарсы алған бақыт.
Апарар жайлы мекенге.
Мұң басқан көңіл,
Үн қосқан өмір,
Өтесің кейде бекерге..!
Қайырмасы