| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Гүлнар Рақымжанқызы | |||
| 2. | Құрасбек Байтоқаев | |||
Есіңде ме гүл терген қырат бағым?
Толқуменен өзіңе сыр ақтардым.
Тілегімді сақтадым тіл ұшында,
Жүрегіме жасырдым, бірақ, бәрін.
Екі өмірміз, бір тағдыр біріктірген,
Жаны егіз, ақ таңмен, тұнық түнмен.
Жан-жүректер жаншылып қоштасса да,
Есігінен ертеңнің күліп кірген.
Құмар едік далаға, қыраттарға,
Біз көрмеген жаным-ау, сынақ барма?
Сен кінәлі емессің сүйіп қалған,
Мен кінәлі емеспін ұнатқанға.