| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Алтыншаш Жақиянова | |||
| 2. | Ерсайын Нарымбаев | |||
Аяулым менің, арманға бөлеп кеттің сен,
Сағым боп жүріп, сағыныш болып жеттің сен.
Жүрегім менің тулайды асау теңіздей,
Өзіңе ғашық, өзіңе ғашық еттің сен.
Қайырмасы:
Тұлғаңды сенің сағынам жиі көрмесем,
Ақ құсың болып жетейін, жаным, кел десең.
Бір қарап алсам, сыр шашып қара көзіең,
Сусынып қанар,
Сусынып қанар,
Сусынып қанар, шөлдесем.
Сүйікті бейнең жадымнан мәңгі кетер ме?
Күндерім менің сағыныш болып өтер ме?
Азапқа салған өзіңе ғашық жүректің,
Елшісі келіп, елшісі келіп жетер ме?
Қайырмасы