| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Алтыншаш Жақиянова | |||
| 2. | Жанатбек Сәденов | |||
Асыл анам, жаны нұрға бөленген,
Жанарыңнан шуақ нұрын көрем мен.
Маған деген мейірімің таусылмас,
Бұлақ сынды шығып жатқан тереңнен.
Қайырмасы:
Асылым анам,
Сарқылмас данам.
Сенетінім, жанашырым бір өзің,
Бұл өмірде жетпейді ғой жан саған.
Асыл анам, сағынышым самсаған,
Әрбір айтқан сөздеріңнен нәр алам.
Көз алдыма асыл бейнең келеді,
Кездерімде, жан анашым, сағынған.
Қайырмасы
Ана деген өлшемі жоқ ұлылық,
Аналардан таралған бар жылылық.
Аналардың арқасында жүрейік,
Жанымызға шуақ алып, жылынып.
Қайырмасы