| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Алтыншаш Жақиянова | |||
| 2. | Ержан Жүнісов | |||
Баяғыдай қызық жоқ қой көк белде,
Жылдарменен бірге бәрі кеткен бе?
Бақытты шақ, балалықтың көктемін,
Аңсай іздеп үңілемін өткенге.
Қайда кеткен, ізі қайда өткеннің,
Неге самал лебі еспейді көктемнің?
Бауырлармен бірге терген кешегі,
Сағындым ғой қызғалдағын көк белдің.
Құрбылармен қыдыратын сол кеште,
Қайран күндер, кетті ме енді келмеске?!
Көз алдымнан сағымдайын бұлдырар,
Амал бар ма, тағдырыңа көнбеске.