| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Гүлнар Рақымжанқызы | |||
Абай туған, Мұхтар туған Семейім,
Бұлбұлдар бар, ән тербеген көмейін.
Жас ұрпағы даңқын көкке шығарды,
Асқақтатып асыл елдің мерейін.
Қайырмасы:
Алға, алға!
Атсын алдан арай-күн,
Ұлы еліме мақтанышпен қараймын.
Бар айбыны, нар айдыны қазақтың,
Өнер қонған ақ бесігі Абайдың.
Талай сырды қойнауыңа жасырдың,
Еңлік-Кебек, есте қалған, асыл-мұң.
Қарт Нарыным есіледі өлеңдей,
Шыңғыстауым – жәдігері ғасырдың.
Қайырмасы
Аягөзім тарқатқанда бұрымын,
Ақшоқыдан көрінеді ұлы күн!
Жаса, жаса, жайсаң елі Абайдың,
Өлең-жырмен өрнектеген тұғырын.
Қайырмасы