| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Гүлнар Рақымжанқызы | |||
| 2. | Тынышгүл Ақай | |||
Шығарып сағыныштың түнегінен,
Лебізің төгілердей гүл еріннен.
Сен қашан ораласың Ертісіме,
Үлбідей үлбіреген жүрегіңмен.
Қайырмасы:
Жүрсің бе, сен де күтіп,
Жүректе бір сағыныш тұрып алды.
Ән болып тербетіліп,
Ертістің жағасында сырым қалды.
Жаныңа жақындауға, ара қашық,
Күн өтті, айлар өтті араласып.
Ағады, еркелейді ерке өзен,
Жанымның сағынышын ала қашып.
Қайырмасы
Өзіңді мендік сезім қайтара ма,
Жауқазын жайлауымда жайқала ма?
Сен бір күн ораларсың, жүрегіңді,
Толқыны махаббаттың шайқағанда.
Қайырмасы