| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Гүлнар Рақымжанқызы | |||
| 2. | Әлібек Тойлыбай | |||
Көңілді сәтті көктемге балап,
Кесектеледі екен ғой санаң.
Есейген сайын, өткенге қарап,
Есеп береді екен ғой, адам.
Қайырмасы:
Ешкімге кейде қайырылғың келмей,
Сыр беріп қойып, күпір етесің.
Тәтті сәттерден айырылғың келмей,
Тәубеңе түсіп шүкір етесің.
Ақ қарға бөккен тауларға қарап,
Жаз-мейрам сәтті аңсап кетесің.
Азынап тұрған ақпанға қарап,
Адуындықтан шаршап кетесің.
Қайырмасы
Сөгілген ойдың шетін сынадай,
Құрап алғысы келіп тұрады.
Көңілің кейде жетім баладай,
Жылап алғысы келіп тұрады.
Қайырмасы