| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Абдулмахмуд Пошатаев | |||
| 2. | Марита Қабижанқызы | |||
Міне досым келдік биыл елуге,
Ағайыннан құттықтаулар келуде!
Періштенің құлағына шалынып,
Берсе деймін елу қосып елуге!
Бұл өмірдің өткелінен өттім көп,
Өмір, өмір, сенде ақым кеткен жоқ!
Бергеніңнен берерің көп, сеземін,
Өмір саған, өмір саған өкпем жоқ!
Қайырмасы:
Елу жасың, жарты ғасыр бір өмір,
Елу жаста соғып тұрсын жүрегің!
Елу жаста ел ағасы болған шақ,
Елу жаста қабыл болсын тілегім!
Өмір деген біле білсең, қас қағым.
Өмірді сүй, ашық болсын аспаның!
Алдымдағы ағалардың жолын бер,
Алпыс, жетпіс сексен тоқсан жастарын!
Ұлдарыма келіндер бер ай қабақ,
Отырайын, немерелер аймалап!
Ең бастысы денсаулық бер, жүрейін,
Шөберенің уысынан май жалап!
Қайырмасы